Қазақстан мен Иранның әскерилері құрлықтағы әскерлерінің ынтымақтастығы келешегін талқылады

Қазақстан қарулы күштерінің Құрлықтағы әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев және Иран елшілігінің әскери атташесі полковник Хамза Рухи Кабарег Астанада ынтымақтастық келешегін талқылады, деп хабарлады республиканың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.


           Келіссөздер барысында екі мемлекеттің құрлықтағы әскерлерінің ынтымақтастығын дамыту, Қазақстан мен Иранның әскери-оқу орындарында әскери кадрларды дайындау мәселелері талқыланды, делінген сейсенбіде таралған баспасөз хабарламасында.
           Тараптар сондай-ақ жекелеген бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдар жүргізулері бойынша тәжірибе алмасты, делінген онда.