Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жоспары рәсімделеді - Б.Жақсалиев

Бұл туралы бүгіп екі елдің Іскерлік кеңесінің II отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.

«Министрліктің бастамасымен Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жоспары әзірленді. Біз ол құжатты келесі жылы Испанияның Премьер-министрі Мариано Рахойдың іссапары аясында рәсімдеуді көздеп отырмыз. Сондықтан испандық компаниялар Қазақстандағы инвестициялық жобалардың Жол картасы бойынша әлі де нақты ұсыныстарын жасай алады. Оның бәрі екі ел арасында рәсімделетін құжаттарда көрініс табатын болады», - деп атап көрсетті Б.Жақсалиев.