Қазақстан мен Италия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда


Шара барысында Италия мен Қазақстан арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейту туралы мәлімдемеге қол қойылды.

Кездесуді италияндық және қазақстандық бизнес өкілдері жалғастырды. Шетелдік делегацияны «INALCA» Вице-президенті Луиджи Скордамалья, «Agrotecnica» компанияның директоры Микеле Д'Аразмо, «Rovani» компаниясының жетекшісі Оде Ровани, «EB Service» компаниясының директоры Марко Беретта және т.б. өкілдер құраған болса, қазақстандық өкілдерін «Евразия АгроХолдинг», «Шаңырақ», «Ақтөбе Жылыжай» компанияларының басшылары, «Қазақстанның ет бірлестігі», «Құс өсірушілер бірлестігі», «Ет-сүт бірлестіктерінің» жетекшілері құрады.