Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Ә.Жақсыбеков израильдік әріптесі Моше Яалонмен кездеседі. Кездесуде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.
«Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Израиль әскери-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қояды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қазақстандық министр Израиль президенті Шимон Переспен кездесуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация Израильдегі жетекші қорғаныс кәсіпорындарына атбасын тірейді.