Қазақстан мен Израиль инновациялық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып отыр

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, сенат спикері Израильде сапарлап жүрген Қазақстанның парламенттік делегациясына жетекшілік етеді. Делегация Израиль мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толуына орайластырылған шараларға қатысады.

Кездесу барысында Қ. Тоқаев Израиль басшысына ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауы мен "Ертеңгі күнмен кездесу" форумын табысты өткізуге тілеген сәттілігін, сондай-ақ, Қазақстанға келіп қайтуға шақырған ұсынысын тапсырды.

Ш. Перес шараларға Қазақстан делегациясының қатысқанына алғысын білдіріп, Израиль биыл жазда Астанада болатын мұсылман және Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің халықаралық форумына қатысатынын хабарлады.

Сондай-ақ, Қ. Тоқаев "Ертеңгі күннің жаһандық перспективалары" пленарлық отырысында сөз сөйледі. Сенат спикері Қазақстан президенті атынан тәуелсіз Израиль мемлекетінің 60 жылдығына қатысушыларды құттықтады және демократиялық қоғам құру, Израиль экономикасының дамытуды қалыптастыруда мемлекет қол жеткізген табыстарға таңданатынын жеткізді.

Қазіргі замандағы қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету жөнінде Қ. Тоқаев бүгінгі таңда байқалып отырған геосаяси және конфессияаралық қарсылықтың күшеюі әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және экологиялық проблмалардан көңіл аудартады, деп атап көрсетті.

"Осыған байланысты ашық диалог пен сенім қағидаларына негізделген жаңа халықаралық қатынас құрылымын құру қажеттіігі туып отыр. Бұл мәтінде өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның халықаралық бастамалары (Азиядағы ықпалдастық және өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі) айрықша мәнге ие", - деп атап көрсетті Қ. Тоқаев.

Сонымен бірге Қазақстан делегациясының басшысы шара аясында Израильдің ұлттық инфрақұрылым министрі Беньямин Бен Элиезермен кездесті.

Қазақстан делегациясы Иерусалимдегі "Яд-Вашем" мемориалдық кешеніне барды. Онда Қ. Тоқаев Холокост құрбандарын еске алу отына гүл шоғын қойды.