"Жер астынан алынған сұйықтықты сүзу барысында түзілген қалдықтарды кәсіпорын ашық алаңқайда рұқсатсыз сақтаған", - деді Ә. Атымтаев.
Экологиялық мекеменің шешімін экономикалық сот қолдап, "Инкай" бірлескен кәсіпорнына 9 млн 118 мың теңгенің айыппұлы салынған.
Оңтүстік Қазақстан облысында уран өндіретін басқа кәсіпорындарға да осындай шара қолданылды. Мәселен, қазір экономикалық сотқа Қазақстан мен Франция бірлескен "Катко" кәсіпорнының экологиялық заңнаманы бұзуына қатысты материалдар таныстырылды. Экологтар бұл кәсіпорынға 40 млн теңге көлемінде айыппұл салды.