"Біз екіжақты ынтымақтастықтың әрі қарай дамуына мүдделіміз және оны бұдан да жоғары деңгейге көтеруден үміттенеміз", - деді президент.
Атап айтқанда, ол Қазақстанның энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екендігін атап көрсетті. "Мен Катар инвестициялық қорымен және ұлттық энергетикалық компаниямен ынтымақтасу туралы ниетіміз жөнінде кеңінен әңгімеледім", - деді Н. Назарбаев. "Ағымдағы жылы біз Катардың вице-премьерінің, энергетика және өнеркәсіп министрінің сапарын күтіп отырмыз", - деп хабардар етті елбасы.
Жалпы алғанда екі елдің көшбасшылары Катар мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастардағы барлық мәселелер кешенін талқылады. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар бойынша пікір алмасты.
Сауда-экономикалық байланыстырдың белсенділігін арттыру мақсатында тараптар, сондай-ақ, жоғары деңгейдегі Қазақстан - Катар бірлескен комиссиясының аясындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде мәселе қозғады.