Қазақстан мен Хорватия 2015-2017 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекітті


Атап айқанда бұл құжатқа ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Хорватия Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Сыртқы және еуропалық істер министрі Весна Пусич қол қойды.

«Жаңа ғана Весна Пусич ханыммен келіссөздерді аяқтадық. Бүгін біз екіжақты қатынастардың маңызды мәселелері бойынша пікір алмастық. Атап айтқанда, саяси сұхбатты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты бұдан ары дамыту жолдары талқыланды. Жалпы алғанда, Қазақстан мен Хорватияның тиімді әрекеттесуіне барлық мүмкіндіктер бар», - деді Е. Ыдырысов.