Қазақстан мен Коста-Рика визасыз режим туралы келісімге қол қоймақ


СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша,  бейсенбі күні Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов коста-рикалық əріптесі Мануэль Гонсалес Санспен осындай келісімге келді.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан мұндай келісімді Латын Америкасындағы Эквадор, Бразилия жəне Аргентина елдерімен бекіткен болатын.
"Қазақстандықтар арасында Латын Америкасына деген қызығушылық артып келеді. Арада əуе қатынасы да жолға қойылған. Сіздің еліңіз демалуға жайлы əрі қауіпсіз. Осыны ескерсек болашақта Қазақстаннан Коста-Рикаға баратын туристер саны артады деп үміттенеміз", – деді Е.Ыдырыов кездесуде.