Қазақстан мен Куба екі ел парламентінің арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге екі жақты талпыныс танытып отыр

Баспасөз қызметінің хабарлауыша, кеше мәжілісте Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко мен Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачоның кездесуі өтті.

Сергей Дьяченко "біздің еліміздің алыс және жақын шетелдермен көпвекторлы және бейбітшіл саясат жүргізіп отырғандығын атап көрсете отырып, тығыз парламентаралық қатынас орнатуға мүдделі екендігін" атап өтті, деп көрсетілген хабарламада.

Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачо өз кезегінде жылы қарсы алғандығы үшін алғысын білдіре келе, екі елдің заңнамалық органдары екі жақты қатынасты одан әрі дамытатындығына сенім білдірді. Сонымен қатар, Кубаның елшісі өз елінің әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалы жайында айта отырып, оның ғылым, денсаулық сақтау және туризм саласындағы жетістіктеріне тоқталып өтті. Елші қазақстандықтарға Бостандық аралы халқының алғысы, сыйластық сезімі мен сүйіспеншілігін жеткізді.

Сондай-ақ әңгіме барысында Тересита Капоте Камачо Қазастандағы өзгерістер екпініне жоғары баға беріп, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың әртүрлі салаларда үлкен әлеуетке ие екендігін атап өтті, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті