Қазақстан мен Литваның қорғаныс мекемелері әскери салада ынтымақтасу жөніндегі келісімге қол қойды

"Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының қорғаныс министрлері Даниал Ахметов пен Юозас Олекастың ресми кездесуі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Литва Республикасының Қорғаныс министрлігі арасында әскери салада ынтымақтасу жөніндегі келісімге қол қойылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Д. Ахметов бұл құжаттың өзара пайдалы қатынастардың дамуына ықпал ететін қажетті тұғырнама болатынын атап өтті және ынтымқтастықтың әрі қарай да жалғасуына үміт білдірді", - деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, екі министрдің кездесуі барысында, сондай-ақ, екі елдің қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығының басым бағыттары талқыға салынған.