Қазақстан мен Литваның СІМ өкілдері Вильнюсте екіжақты қатынастардың келешегін талқылайды

"Келіссөздерде қазақстандық делегацияға сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, литвалық жаққа - сыртқы істер вице-министрі Эвалдас Игнатавичюс жетекшілік етпек", деп хабарлады І.Омаров Астанада жұмада баспасөз мәслихатында.

І.Омаровтың айтуынша, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша елдер арасындағы сауда айналымы 179,5 млн долларды құраған, бұл 2011 жылдың сол кездегі мерзімімен салыстырғанда 9,6% артық.
Қазақстан СІМ деректеріне қарағанда, Қазақстанда литвалық капиталдық қатысуымен 158 кәсіпорын тіркелген.