Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы мен Ливия Жамахириясы арасындағы қарым-қатынастардың елеулі перспективалары мен мол мүмкіндіктерін атап өтті. "Қазақстан тауарлар мен өнімдердің үлкен ауқымын ұсына алады, соның ішінде металлургиялық, химиялық және өзге де өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдері бар. Біздің елімізде шетелдік кәсіпкерлердің тиімді жұмыс жүргізуіне барынша қолайлы инвестициялық климат жасалған",- деді ҚР премьер-министрі.
Тараптар бірлескен қазақстан-ливия үкіметаралық комиссиясының екінші отырысының жұмыс барысын талқылады.
Олар соның нәтижесінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі белгіленіп отырған нақты перспективалар мен өзара түсіністікке қол жеткізілетініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті