"Екі мемлекет арасындағы тауар айналымының көлемі жеткіліксіз. Сондықтан, біз президент Н. Назарбаевпен екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және өзара сауда көлемін ұлғайту жөнінде келістік", - деді Люксембургтың премьер-министрі кездесу соңында болған баспасөз мәслихатында.
Н. Назарбаев әзірге мемлекеттер арасындағы тауар айналымының көлемі өте аз екенін және екі жақты да қанағаттандырмай отырғанын атап көрсетті.