Қазақстан мен Монако құқықтық саладағы келісімшарт базасын кеңейтуге уағдаласты


Мұндай келісімге бүгін Астанада бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Монако княздігінің Жоғарғы сот төрағасы, әділет министрі, мемлекеттік кеңес төрағасы Филипп Нарминомен кездесу барысында қол жеткізілді, дейді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде қылмысқа қарсы күрес, келісімшарттық-құқықтық базаның кеңейту бойынша пікір алмасылды. Тараптар құқықтық саладағы мемлекетаралық келісімшарттар бекіту мәселесін талқылау бойынша келісімге қол жеткізді.