Қазақстан мен Монғолияның төтенше жағдайлар министрлері төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде өз мекемелерінің тәжірибесімен бөлісті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төтенше жағдайлар министрлерінің кездесуі бүгін Астанада Монғолия президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында өтті. Кездесу кезінде тараптар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

"Монғолия төтенше жағдайлар министрі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымымен танысты, ал монғолиялық құтқарушылар Тау Қалашығы шатқалындағы ҚР ТЖМ-нің оқу полигонында өтетін құтқару саласындағы көпсайыс шеңберіндегі жыл сайынғы халықаралық сайыстарға шақырылды", - делінген хабарламада. Сонымен бірге тараптар арнаулы оқу орындарында мамандар оқыту жөнінде ұсыныстар білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті