Қазақстан мен Мысыр елі қазақстандық астықты осы елге жеткізу мәселелері жөніндегі арнайы комиссия құрады

Баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан астығын Мысырға экспорттау үшін екі елдің үкіметіне арнайы комиссия құру туралы мәселені талқылау жүктелді",-деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Мысырға үлкен көлемде астық тасымалдауға Қазақстанның мүмкіндігі мол.

Н. Назарбаев үкіметтерге "сауда экономикалық тәжірибе алмасу"мақсатында екі елдің экспорттық ахуалына , банк саласына, фармацевтика және тоқыма өнеркәсібі саласына сараптама жасау тапсырылғанын айтты. "Бұл мәселелердің үлкен тәжірибелік маңызы бар болғандықтан, біз оларды қарастыруды тапсырдық",-деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы Мысыр басшымен кездесуінде Қазақстанда Мысыр елінің сауда үйін ашу туралы келісім жасасқанын хабарлады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті