екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөніндегі Бірлескен коммюникеге қол қойды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Қол қою рәсімі кезінде екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасып, БҰҰ күн тәртібіндегі екі жақ үшін маңызды мәселелер талқыланды. Соның ішінде теңізге шығуға жолы жоқ елдердің мәселелерін шешу, тұрақты дамудың мақсаттарын құру, климаттың өзгеруі мәселесі және т.б. қаралды.
Тараптар өзара тиімді байланыстарды кеңейтудің маңыздылығына, әсіресе, туризм, сауда, мәдениет және білім беру салаларын кеңейтуге көніл аударды. Елдердің қауіп-қатерлерді азайту және апаттарда жәрдемдесу саласында, соның ішінде Алматыдағы Гуманитарлық көмек пен тұрақты даму бойынша БҰҰ аймақтық хабын құру бастамасын жүзеге асыру арқылы өзара әркеттесу маңыздығын атап өтілді.
Непал Елшісі Қазақстанмен бар әлеуетті іске асыруға, соның ішінде сыртқы істер министрліктері аралық консультациялар, сондай-ақ екі елдің парламенттерінің арасындағы ынтымақтастық құралдарын қолдану арқылы тұрақты әріптестік орнататынына үміт білдірді.
Непалдың Қазақстанда өтетін ең ірі іс-шаралардың бірі болып саналатын «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығына үміт білдірді. Д.Бхаттарай Қазақстан тарапына Непалдағы жер сілкінісіне байланысты 200 мың АҚШ доллары көлемінде көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді. Бекітілген тәжірбиеге сәйкес, дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан кейін Қазақстан мен Непал өз қос өкілдік ететін Елшілерін тіркейді.
Непал - Гималайдың орталық бөлігінде, Оңтүстік Азияда орналасқан, халқының саны - 30 миллионнан астам. Үкіметтік басқару түрі - парламенттік республика.
Непал экономикасының басты секторы туризм болып табылады. Сыртқы саясатта Непал барлық елдермен достық қарым-қатынаста болу мен қосылмау қағидаттарын ұстанады.
Непал БҰҰ, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Қосылмау қозғалысы және Оңтүстік Азия өңірлік ынтымақтастық қауымдастығының (Катмандудағы штаб-пәтерімен бірге) мүшесі, сонымен бірге көпвекторлы техникалық және экономикалық ынтымақтастық бойынша Бенгал шығанағы бастамасына мүше.