Қазақстан мен Норвегия достық байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы декларация қабылдады

"Біз Қазақстанмен екі арадағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздеп отырмыз. Бұған дәлел ретінде бүгін Астанада құрметті консулдық өкілдіктің іске кірісуі мен Қазақстанның Осло қаласында елшілік ашу ниетін атауға болады",- деді Норвегия үкімет басшысы журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.

2003-жылы Қазақстан мен Норвегия арасындағы сауда-саттық ауқымы 18,4 млн. долларды құрады (2002-жылғымен салыстырғанда 75 процент артық). Оның 3,3 млн. долларын экспорт, 15,1 млн. долларын импорт иемденді. Қазақстан Норвегияға астық пен өнеркәсіптік таруарлар шығарса, ол жақтан құрал-жабдық пен технология, химия өнеркәсібінің өнімдерін импорттайды. Қазақстанда "Intsok", "Статойл" және "Неар АСА" сынды 10 шақты Норвегиялық фирма жұмыс істейді.