Келіссөздер кезінде сауда -экономикалық, мәдени -гуманитарлық, ғылыми- техникалық ынтымақтастық жөніндегі екі жақты үкіметаралық комиссиясын құрудың маңыздылығы атап өтілді.
"Экономикалық ынтымақтастық мүмкіндігін сондай-ақ, көрмелер мен форумдарды ұйымдастырып, бизнес делегациялармен алмасып, Қазақстан-Оман іскерлік кеңесін құру арқылы күшейтуге болады ", - деді Н. Назарбаев.
Президент атап өткеніндей, Қазақстан мен Оман Иранның аумағы арқылы болашақта өтетін көлік бағыттарын пайдалану арқылы екі жақтың сауда-саттық көлемін ұлғайта алады. Осыған орай, Қазақстан, Түркменстан және Иран салып жатқан шойын жол бағыты тиімді болады.
"Парсы шығанағы бағытындағы жүк тасымалын ұйымдастыру барлық жақтар үшін тиімді. Жаңа жол жобасы арқылы бірінші жылдары 3 миллион тонна жүк тасымалданатын болса, кейін ол 10 млн тоннаға дейін жететін болады. Сонымен қатар, оман порттары арқылы Үнді мұхитының жағалауына қазақ тауарларын сыртқы нарықтарға жеткізуге мүмкіндік бар", - деп атап өтілген президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақ делегациясы экономикалық қатынастарда инвестициялық көлемдерді күшейтуге мүдделі екенін білдірді. Бұл сала бойынша жасалған қарым қатынастар кезінде бірқатар ірі жобалар іске асырылды. Қазақстан үшін маңызды жобалардың бірі болып отырған Каспий мұнай консорциумында Оман акционер болып отыр. Сондай-ақ, Оман елі Батыс Қазақстандағы "Дөнге" кен орны мен Каспийдегі қазақ секторындағы "Жемчужина" мұнай кенішін игеру жұмыстарына қатысуда.
"Біз Сұлтанатқа ірі және стратегиялық маңызы бар жобаларға атсалысып, өзінің инвестициялық қатысуын кеңейту жөнінде ұсыныс жасадық ", - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Екі жақ сондай-ақ, Қазақстанның Азиядағы Өзара сенім шаралары мен ықпалдастық кеңесі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты халықаралық бастамаларына Оманның қатысуы жөнінде мәселесі талқыланды.
Ғылыми- техникалық және мәдени- гуманитарлық саласындағы ынтымақтастық мәселелерін көтерген мемлекет басшылары, Қазақстан мен Оманның жоғары технологияларды қолдану саласындағы ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары арасындағы қарым -қатынастарын орнатып, шығармашылық ұйымдармен алмасу, ғылыми ведомстволардың өзара қатынастарын реттеп, кітап көрмелерін ұйымдастыруға болатынын атап өтті.
Оман Сұлтанаты - араб әлемінде Қазақстанның белсенді серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы ынтымақтастың 1997 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші ресми сапары кезінде орнатылды. Президент Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мәселелеріне үнемі назар аударып отыратынына және республиканың ДСҰ мүшелігіне ену процесінде қолдау көрсеткеніне байланысты Оман Сұлтанатына ризашылығын білдірді.
2007 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Оман арасындағы сауда- саттық көлемі $14,8 млн құраған. Бұл екі елдің экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес емес. Экономикалық көрсеткіштердің төмен болуына екі ел арасындағы көлік бағыттарының дамымағандығынан, түрлі нарықтағы экономикалық және инвестициялық бағыт -бағдарлары және мүмкіндіктері туралы ақпараттың жеткіліксіз болуынан туындап отыр.
Осыған орай, Қазақстан Оман Сұлтанатының шикізаттық емес секторын дамыту және экономиканы диверсификациялау бойынша тәжірибесін зерттеуге үлкен мән беріп отыр.
Оманның экономикалық дамуы Қазақстандағыдай, бастапқыда мұнай өндіруге негізделген болаты. Ол жалпы ұлттық өнімнің 40 % жетіп, 75% экспортты құраған. Өзінің көршілерімен салыстырғанда, Оманның ірі мұнай қорлары жоқ және ол мұнайды экспорттайтын елдер ұйымына (ОПЕК) немесе араб елдерінің мұнай экспорттық ұйымының(ОАПЕК) мүшелігіне кірмейді.
Дәлелденген мұнай қорының көлемі 4,7 млрд баррельді құрайды. Сарапшылардың болжамдары бойынша мұнай қазіргі жылдамдықпен шығарылатын болса, онда оның қоры 15-20 жылға жететін болады.
Сұлтан Кабус бен Саидтың тапсырмасымен 2000 жылы "Оман-2020" бағдарламасы жасалып, онда ел экономикасын 2020 жылға дейін мұнай саласына бағыттамау жөнінде мәселе қойылған. Реформалар арқылы Сұлтанаттың ұлттық табыс көздері мен адам ресурстарын дамыту жолдарын өзгерту жоспарланған.
Осыған орай Оманның басшылығы 2006 жылы жеті жылдық жоспарын бекітіп, онда мұнай мен шетелдік жұмыс күшіне тәуелділікті азайту, индустриялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыны ұлғайту, туризм, шағын және орта бизнесті дамыту, банк және мейманхана секторын жанжандыру, елдің ақпараттық инфрақұрылымы мен көлік саласын дамыту көзделген.