"Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев басқарған қазақстандық өкілдердің Оманға сапарының мақсаты Қазақстан мен Оман мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің бірінші кезеңін өткізу болып табылады.
Консультация барысында тараптар екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы өзара ықпалдастық бағыттарының болашағын, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар мен форумдар аясындағы Астана мен Маскат арасында одан әрі ынтымақтастықты талқылайды",- деп хабарлады Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, Н. Ермекбаев сондай-ақ Эль-Кувейтке барып, Кувейт жағымен сыртқы істер министрлері кеңесін өткізеді. Эль-Кувейтте ол Кувейттің премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Мухаммад ас-Сабах ас-Салим Ас-Сабахтың қабылдауында болады.
Қазақстан делегациясының Оман Сұлтандығы мен Кувейт Республикасына сапары 9 - 10 ақпан аралығында өтеді деп күтілуде.