Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы қылмыспен күрес саласында етене жақын ынтымақтастық орнату қажеттігін мәлімдейді

Кездесу барысында лаңкестік, ұйымдасқан қылмыс және есірткілік заттардың заңсыз айналымымен күрес, өзара тәжірибе алмасу және тәртіп сақшыларын дайындау салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтың келешегі туралы талқыланды.

Министр ішкі істер органдарындағы тіркеу-есепке алу саласындағы тәртіпті нығайту, учаскелік полиция қызметкерлерінің ролін күшейту, маман дайындау ісін жетілдіру, шетелдік таңдаулы оқу ордаларының негізінде мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру бағытындағы реформалардың барысымен қонақты жан-жақты таныстырды.