Өзара түсіністік туралы тиісті меморандумға тараптар Сеулде келіссөздердің қорытындысы бойынша қол қойды. Бұл туралы Қазақстанның Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазіргі кезде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы жүйелі әуе қатынасын қазіргі кезде екі компания жүзеге асырады. Қазақстандық Air Astana компаниясы аптасына үш рет Алматы – Сеул – Алматы бағыты бойынша, Asiana Airlines аптасына екі рет Сеул – Алматы – Сеул бағыты бойынша орындайды.
Air Astana компаниясы Asiana Airlines компаниясымен тығыз ынтымақтастық жүргізеді.