12-мамырдағы жағдаймен 54 негізгі және 30 аралық шекара белгілері орнатылды. Оларды орнату жұмысымен үш демаркациялық топ айналысуда. Бірінші топ Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы "Қызыл күркіреме" шекаралық бекеті маңында, екіншісі тағы осы аудандағы "Қызылтаң" учаскесінде, үшінші топ Мақтаарал ауданындағы "Жаңа ауыл" учаскесінде жұмыс істеуде.
Шекаралық бірінші бағана шекара сызығын делимитациялау шарасының нәтижесінде Қазақстанның қоластына өткен Бағыс елді мекенінде 19-сәуірде орнатылды. Оны осы мерзімге дейін мемлекеттік шекара сызығының 50 шақырымын белгілеп, "Жібек жолы" шекаралық бекетіне жақындай түскен бірінші топ орнатты.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 800 шақырымға созылып жатқан мемлекеттік шекара сызығына белгі ретінде қадау үшін екі жақтан бірдей 700 діңгектен қажет. Шекара қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12-мамырдағы жағдаймен Өзбекстандық демаркациялық топтар бағана тапшылығына байланысты бірде-бір шекаралық белгі орнатпаған.