Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарада қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Атап айтсақ, Шекара қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. ҚР ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті төрағасының орынбасары Қадір Бейсенбаевтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, департамент те күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Сондай-ақ, шекарадағы күзетті күшейту үшін шұғыл қызметкерлер тобы бір сағат ішінде шекараға аттанғалы жатыр.

Кеден қызметкерлерінің KZ-today тілшісіне хабарлауынша, қазір шекаралық аймақта қатаң құжат тексеру тәртібі енгізіліп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара өткелектері жаппай жабылды.