Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бір жылда екі есеге көбейген

"Қазақстан үшін Өзбекстанмен қарым-қатынас орнату өте тиімді, қажет. Біздің арамыз жақсарып келеді. Бір жыл ішінде тауар айналымы екі есеге – 1 млрд доллардан 2 млрд долларға жеткен. Біз Өзбекстанның жаңа президенті Мирзияевпен 5 млрд долларға дейін жеткізуге келістік", – деп хабарлады мемлекет басшысы.

Назарбаев Қостанайда Өзбекстамен бірге электронды двигательмен жүретін автомобиль шығаратын кәсіпорын ашылғанын еске салды.


"Келесі жылды біз Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жарияладық. Қазақстанның Өзбекстандағы күндері де өтеді", - деді Назарбаев.