Қазақстан мен Өзбекстан полицейлері шекарадағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Сонымен қатар кездесуге орталық аппараттың құрылымдық бөліністерінің басшылары, шекаралас орналасқан облыстық ішкі істер органдарының басшылары қатысты.Іс-шара барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелерінің перспективалары мен басымдықтары, оның ішінде шекаралас аймақтардың түйіткілдері талқыланды. 

Онымен бірге, делегация басшылары ҚР Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті мен Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің Джизак, Сырдария, Ташкент облыстарының 2017-2018 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қарастыратын қылмысқа қарсы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.