Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефонмен екі жақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде әңгімелесті

Президенттер әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары мен өткен жылы президенттердің өзара сапарлары кезінде қол жеткізген келісімдерінің жүзеге асу жолдары туралы сөйлесті. Екі жақ та сауда-экономикалық қарым-қатынастың жемісті жүріп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев пен И.Кәрімов Орта Азиялық аймақтағы оқиғаларға тоқталып, аймақтық қауіпсіздікті нығайту, экстремизм мен терроризмге қарсы тұруға қатысты мәселелерді талқылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті