ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, шекарашылар көршілес республика аумағына бой тасалаған екі «УАЗ» көлігін байқаған.
Аймақты тексеру барысында Қазақстан жағынан 1,5 литрлік бөтелке мен 240 полиэтилен қалтаға құйылған спирт табылды. Контрабандалық жүктің жалпы салмағы 9 тонна.
«Орынбай» бекетінің шекарашылары да бір тоннаға жуық спирт қоймасын тапты.
Тексеру амалдары нәтижесінде жүктің иесі мен оны қазақ-өзбек шекарасы арқылы тасымалдауға көмектесетін сыбайластары анықталды.