Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі болды; құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ - Төтенше жағдайлар министрлігі

"ҚР Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының мәліметінше, 23 тамызда сағат 15.00-де қазақ -өзбек шекарасында (ең жақын елдімекендер : Ильич, Асықата) энергетикалық классы 10,0 болатын жер сілкінісі болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 741 шақырымда болған, деп нақтылайды мамандар.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданының аумағында қуаты 2- 2,5 блл болатын жер асты дүмпулері сезілді.