Қазақстан мен Өзбекстан терроризммен бірлесіп күресу мәселесін талқылады

Сentralasian.org-тың хабарлауынша, жүздесуде олар қазақ-өзбек әскери және әскери-техникалық әріптестіктің өзекті бағыттары бойынша пікір алмасты.

Қазақстан қорғаныс министрі қорғаныс және қауіпсіздік, экстремистік, террористік топтармен күрес саласында екі жақты қарым-қатынасты әрі қарай дамыту қажеттігін атап өтті.

Бұған қоса, Жасұзақов өзбек әріптесін "Алтын үкі" халықаралық арнайы жасақтар жарысы мен "АрМИ-2017" әскер ойындарына қатысуға шақырды.