Қазақстан мен Пәкістан Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту аясында қазақстандық тауарлар мен қызмет түрлерінің рыногына шығу мүмкіндіктері төңірегінде мәмілеге келді

Бұл мәселеге қатысты екі жақты келіссөздер 2000-жылдан бері жалғасты. Пәкістан Қазақстанды Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке қабылдап алу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. Бұл жұмыс тобына Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше 38 ел енеді.

Сонымен бірге келіссөздер барысында тараптар шетелдік сатушылардың қазақстандық қызмет түрлері рыногына шығуына қатысты Қазақстанның міндеттемелері көрсетілген құжатты келісті.