Қазақстан мен Польша екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кездесу барысында екі жақты экономикалық ынтымақтастық, соның ішінде мұнайгаз және ауылшаруашылығы, сонымен қатар, мәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелері сарапқа салынды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2004-жылы Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 358,3 млн. долларды құрады. Польша тарапынан Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі 7 млн. доллардан асты. Қазір Қазақстанда Польша капиталының қатысуымен құрылған 70-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Өзара сауда-экономикалық қарым-қатынастардың даму қарқынына қанағаттанатынын білдірген Д.Ахметов пен Л.Пастусяк қазіргі әріптестік деңгейі екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық потенциалын толық пайдаланбайды.