Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сыртқы сауда айналымы $500 млн асады

Б. Әлбергеновтың сөздері бойынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі $80 млрд асады. Ал Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы аса жоғары емес. Мәселен, Қазақстан мен Ресей арасындағы бұл көлем $16 млрд артық.

"Алайда, біз Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы экономикалық жағдайды оңтайлы деп отырмыз, сондықтан олардың сауда экономикалық қатынастарының жақсы дамып, ұлғая түсуін күтудеміз",- деді Б. Әлбергенов.