Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы алдағы бірер жылда екі есе артуы мүмкін


Бұл туралы Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Эсенғұл Өмірәлиев мәлім етті.

«Қазіргі таңда Қазақстанмен арадағы тауар айналымы өте жоғары: бір миллиард долларға жуықтайды. 2015 жылдың 1-қаңарында Қырғызстанның ЕАЭО-қа кіретінін ескерсек, бұл көрсеткіш 2-2,5 миллиард долларға жетуі тиіс», - деді ол дүйсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында.