"Келіссөздерге басқы арқау болған тақырып - төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшін екі мемлекеттің шекаралары арқылы апаттық топтар мен арнаулы техникаларды жылдам өткізуді қамтамасыз ету болды, - деп хабарлайды баспасөз қызметі. - Сонау 2005 жылы екі ел үкіметтері арасында төтенше жағдайларлы жоюдағы ықпалдастық туралы және апаттық арнаулы техника мен мамандарды шекарадан кедергісіз өткізу туралы мәмілеге қол жеткізілген. Алайда, келісім іс жүзінде толыққанды жүзеге асырылмай отыр, өйткені, оның негізгі принциптерін екіұдай түсіндіруге жол беріледі".
Кездесу қорытындысы бойынша бұл құжатқа газ құбырында төтенше жағдай болған кездегі тараптардың жауапкершілігін айқындайтын түзетулер енгізуге келісім жасалды. Кедендік құрылымдардың өкілдері газ саласы операторларын, егер олар қажетті ақпаратты берген жағдайда, шекарадан жеңілдетілген тәртіппен өткізуге дайын екендіктерін мәлімдеді.