Қазақстан мен Қырғызстан президенттері телефон арқылы әңгімелесті

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Қ. Бакиевтің Қазақстандағы ресми сапары 17-18 сәуірге белгіленген.

"Бұл туралы Қ.Бакиев пен Н. Назарбаевтың 31- наурызда телефон арқылы сұхбатында талқыланды. Диалог Қырғызстан жағының бастамасымен өтті", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Екі елдің президенттері Қазақстан мен Қырғызстанның Мемлекетаралық жоғарғы кеңесінің бірінші отырысының күн тәртібін талқылады. Сондай-ақ, Қ. Бакиевтің сәуір айында Астанада болатын ресми сапары кезінде талқыланатын екі елдің ынтымақтастығын тереңдету мәселесі де көтерілді.