Қазақстан мен Қырғызстан шекарашылары өткізу бекеттерін бірлесіп бақылауға алу жөніндегі жобаны іске асырды

Олардың мәліметтері бойынша, бұл шара 2008 жылы қаңтар айының 10-20 күндері аралығында "Ақ-Жол - Қордай" шекара өткелінде өткізіледі.

"Бірлескен бақылау қызметі шекара арқылы өтетін адамдарды, көлік пен жүктерді тексерудің процедураларын жеңілдетіп, заңсыз әрекеттерге қарсы күрестің тиімділігін арттырады. Қазіргі кезде осындай шараларды "Қайынды - Мерке" шекара бекетінде өткізудің дайындық жұмыстары жүргізілуде. Орталық Азиядағы осындай бірінші жобаның жемісті қорытындысына қол жеткізу үшін, оны өткізу жұмыстары жалғастырылады ", - деп хабарлады Қырғызстан Республикасының шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, мұндай тәжірибелер екі мемлекет шекарашылары арасында өткен жылы қазан айының аяғында және қараша айының басында өткізілген болатын.