Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын ратификациялау нәтижесінде 15 жерде өзгеріс болады

Оның айтуынша, Қазақстанмен арадағы келісімдерге сәйкес 6,8 мың гектар қырғыз жағына көшсе, 4 мың гектар Қазақстанның иелігіне ауысатын болады.

Ыстықкөл облысының Түп ауданының Қарқара деген жеріндегі даулы аумаққа қатысты С. Аламанов "жер телімдерін алмасу туралы келіссөздердің нәтижелерімен танысқан жергілікті халық Қырғызстанға бастабында не тиісті болды, сол беріледі және республикаға ешқандай қысым көрсетілген жоқ деп есептейді", - деп мәлімдеді.

Қазақстанға Талас облысындағы карьерді беру туралы мәселеге қатысты С. Аламановтың айтуынша, онда депутаттар ойлағандай мәрмәр емес, гранит алынатынын атап көрсетті. Осы аумақтың ақысына Қырғызстан 155 гектар аумақтық жер алады. Оның айтуынша, сонымен қатар, Қырғызстан аумағында гранит алуға жетерліктей жер қалып отыр.