Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 50 кг марихуана тығылған жасырын жер табылды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Жауғаш батыр" шекара күзетінің жедел тобы Қазақстан мен Қырғызстан шекара сызығына жақын жерден есірткі тығылған жасырын жер тапқан. "Жасырын жердегі зат төрт полиэтиленді қапқа бөлініп, оралған. Марихуананың жалпы салмағы 50 килограмнан астам",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті