Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында заң бұзған елшілік қызметкері ұсталды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында елшілік қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады. 

"10 қаңтарда "Ақ-жол"- "Қордай" мелекеттік шекара нүктесінде Қырғыстан аумағында Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің қызметкері қатысқан оқиға болғанын растаймыз", - делінген ресми мәлімдемеде.

Қазіргі таңда қырғыз тарапымен келіссөздер жүргізілуде екен. 


Бұған дейін қырғыздық БАҚ өкілдері елшілік Қырғызстанның ҚК-не сәйкес заңды бқзған азаматшаны жасырып отырғанын мәлімдепті. Олардың хабарлауынша елшіліктегілер қазақстандық азаматшаны қызметтік көлікке отырғызып Қырғызстан аумағынан шығармақшы болыпты.