"Күн тәртібіне сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері мен 2006-2007 жылдардағы жоғары деңгейдегі ресми сапарлардың қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы талқыланды", - деді Қырғызстан СІМ Эднан Карабаев.
Бұған қоса, "екі елдің Төтенше жағдайлар министрліктері арасында қаупті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды".
"Бұл кездесу Қазақстан мен Қырғызстан арасында ешбір қарама-қайшылық жоқ екенін тағы бір паш етті. Біз аймақтық әріптестік, қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты ұқсас көзқарас ұстанамыз", - деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин.
Оның айтуынша, "іс-шаралар жоспарына қол қоюға байланысты көп жылдар бойы шешілмей келген көптеген өзекті мәселелер табысты шешіледі деген нақты сенім пайда болды".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті