Қазақстан мен Қырғызстан Ыстықкөлге дейінгі тас жолда уақытша бірлесе патруль жүргізу жөнінде уағдаласты

"Қазақстан және Қырғызстан президенттерінің тапсырмасы бойынша екі мемлекеттің ішкі істер министрліктері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көші-қон процестерін бақылау және соңғы кездердегі жол қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері бойынша бірлескен жоспарлар жасалды", - деді Б. Қожахметов.

Бүгін Қазақстан шекарасынан, яғни, Қордайдан Ыстықкөлге дейінгі жол бөлігіне патруль жасауға Алматы және Жамбыл облыстарының жол полициясы басқармасының 10 автопатруль экипажы мен 20 қызметкері аттанып кетті және олар таңғы сағат 8.00-ден бастап жұмыс істей бастады.

Патрульдеу 20 тамызға дейін жалғасады. Қолға алынған шаралар тиімді болған жағдайда аталмыш тәжірибе одан әрі де жалғасады, деп сөзін түйді Б. Қожахметов.