Қазақстан мен Қырғызстанның кәсіподақ Федерациялары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

"Бауырлас еліміздің кәсіподақтары үнемі көршілес татулықты нығайтуыға талпынған, және де Қырғызстанның кәсіподақ Федерациясы өкілдерінің Қазақстанға келуі екі ел арасындағы байланыстарды дамытуға жаңа қарқын береді",- деп атап көрсетті Қазақстанның кәсіподақ Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев келісімге қол қою салтанатынан кейін.

Қырғызстанның кәсіподақ Федерациясының төрағасы Сағын Бозғунбаев өз кезегінде, "ресми құжатқа қол қою екі елдің кәсіподақ ұйымдарының өзара ықпалдастығында жаңа қадамдарға бастайды", деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті