Қазақстан мен Қырғызстанның шекара қызметінің басшылары шекараны бірлесіп күзетуге келісті


Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімінен хабарлағандай, келіссөздер барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры- ҰҚК төрағасының орынбасары генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов пен ҚР МШҚ төрағасы Құрманақын Мәтенов екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысында бірлескен хаттамаға қол қойылды. Онда қазақ-қырғыз шекарасын бірлесіп күзетудегі шаралар белгіленген және ақпарат алмасу көзделген.