Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 15 млрд долларға жетеді

"Екі мемлекет басшысы тауар айналымын 2015 жылы 15 млрд долларға жеткізу міндетін қойған. Бірақ, сарапшылардың бағалауынша, біз бұл деңгейге біршама ерте, мүмкін тіпті, 2008-2009 жылдары жете аламыз деп айта аламыз", - деді ол.

Ресми мәліметтерге сәйкес, өткен жылы екі ел арасындағы сауда-саттық $13,8 млрд жетіп, 2006 жылғымен салыстырғанда 66%-ға өсті. 2008 жылдың 4 айында тауар айналымының көлемі 4,8 млрд доллар болды, бұл өткен жылғы осы мерзім көрсеткіштерімен салыстырғанда отыз пайызға артық.

Бүгінде Қытай еліміздің сауда саласындағы әріптестерінің тізімінде 4-ші орында. Қазақстанның сыртқы саудасында ҚХР үлесі 10% асады.