Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22,53 млрд. АҚШ долларына жетті - ҚР ЭБЖМ

Келіссөз жүргізушілер кең ауқымды мәселелерді, нақты айтқанда, Қазақстан мен Қытайдың транизиттік әлеуетін дамыту, Қазақстан мен Қытай шекарасында астық терминалының құрылысы мәселесін, астықты, жуылған қой жүні мен жартылай өңделген өнімді, вет-блю хромдық илеуін, жартылай өңделген жүн өнімдерін, қой терісінен тон және аң терісінен жасалған өнімдерді жеткізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов ҚХР Сауда министрлігінің халықаралық сауда келіссөздері бойынша өкілі Чжун Шанмен кездесті.

«2013 жылғы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 22,53 миллиард АҚШ долларына жетті. Экспорт 14 миллиард 334 миллион АҚШ долларынан, ал импорт  8 миллиард  193 миллион АҚШ долларынан асып түсті», - деп хабарлады Т.Жақсылықов.

Өз кезегінде қытайлық тараптың келіссөз жүргізушілері екі елдің табысты инвестициялық ынтымақтастығын атап өтті. ҚХР Сауда министрлігінің мәліметі бойынша 2013 жылы Қытайдан Қазақстанға салынған инвестиция көлемі 19,51 миллиард АҚШ долларын құрады.


Үлкен бірлескен инвестиялық жобалардың қатарында Қазақстан-Қытай мұнай құбыры және Қазақстан-Қытай газ құбырын кеңейту, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» мұнай құбырының құрылысын, «Семізбай» уран кен орнын кен шығаруға дайындау бойынша бірлескен жобасын, Атырау МӨЗ-да мұнайды тереңінен өңдеу кешенінің құрылысын атап өтуге болады.

Сонымен қатар, тараптар қазақстандық бидай мен ұнның Қытайға жеткізілім көлемін арттыру және оларды Қытай территориясы арқылы үшінші елдерге тасымалдау мәселелерін пысықтау бойынша ауыл шаруашылығы саласында бірлескен жұмыс тобын құру қажеттілігін атап өтті.