Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді - ҚР СІМ



"Біз екі ел арасында ауқымды экономикалық ынтымақтастық орнаттық. Халықаралық ұйымдар аясында да аймақтық мәселелерге қатысты өз іс-әрекеттерімізді табысты үйлестіріп келеміз",- деді министр.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, "1,2 млрд. тұрғыны бар Қытай - қарқынды дамып келе жатқан ел екенін және оның экономикасы әлемдік нарықты жетекші орынға ие болғанын естен шығармау абзал". "Сол себепті осынау алып елмен арада өзара тиімді әрі тепе-тең достық қарым-қатынастарды дамытуға балама табу мүмкін емес",- деді бас дипломат.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті