Мәселен, келіссөздер қорытындысы бойынша стратегиялық әріптестік туралы бірлескен декларацияға қол қойылды.
Сонымен бірге ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен ҚХР жер ресурстары министрлігі арасында геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы, ҚР ауылшаруашылығы министрлігі мен ҚХР су ресурстары министрлігі арасында "Су тасқыны маусымында трансшекаралық өзендердегі шұғыл ақпараттар туралы тараптарды тез арада хабардар ету жөніндегі", сондай-ақ, ҚР және ҚХР үкіметтері арасындағы ""Қорғас" шекаралық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық орталықтың жұмысын реттеу туралы" келісімдерге қол қойылды.
ҚР көлік және коммуникациялар министрлігі мен ҚХР темір жол министрлігі ені 1435 мм болатын Трансқазақстандық темір жол магистралін салу мүмкіндіктері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу жөніндегі меморандуға қол қойды.
Сонымен бірге ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі мен ҚХР ақпараттық өнеркәсіп министрлігі арасында ақпараттық және коммуникациялық индустрия саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандуға қол қойылды.
"KEGOC" АҚ мен Қытайдың мемлекеттік "State GRID Corporation of Chinа" электр желілік корпорациясы өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге, ал "Қазнұртел" ЖШС мен ҚХР даму банкі өзара несиелік келісімге қол қойды.