Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, Қазақстан мен Қытай "әлемде БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың жаппай мойындалған нормаларына арқау болған принциптер мен мақсаттар негізінде әділетті әрі демократиялық тәртіп орнығуын қолдайды".
"Тараптар халықаралық дау-дамайлардың бейбіт жолмен шешілуін, халықаралық қатынастар жүйесін жетілдіруді, дүниежүзінде БҰҰ-ның шешуші ролін қамтамасыз етуді, даму модельдерінің сан алуандығына түрткі болуды қолдайды".
Сондай-ақ, Қазақстан жағы бірлескен мәлімдемеде Қытайдың біртұтастығын сақтау саясатын қолдайтындығын тағы бір атап өтті. "ҚХР үкіметі - бүкіл Қытай атынан сөйлей алатын жалғыз заңды билік болып табылады". "Тайвань - Қытай аумағының ажырамас бөлігі". Қазақстан жағы "екі Қытай, немесе, бір Қытай, бір Тайвань құру, "Тайваньнің тәуелсіздігі", Тайваньнің егеменді елдер ғана мүшелікке өтетін халықаралық және аймақтық ұйымдарға бірігуі туралы" кез-келген идеяға қарсылық білдіреді",- делінген құжатта. Қазақстан жағы сондай-ақ, "Тайваньмен ресми қарым-қатынас, ұзақ мерзімді жеке байланыс орнатуға құлықсыз" деп мәлімдеді.